Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құқық қорғаушылармен арнайы мекемелеріндегі ұстау жағдайларын талқылады

СҚО полицейлері құқық қорғаушылармен арнайы мекемелеріндегі ұстау жағдайларын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталғандарды ұстау жағдайы құқық қорғау ұйымдарының тұрақты бақылауында. Солтүстік Қазақстан облысының полиция бөліністерінде 14 арнайы мекеме жұмыс істейді. Ұлттық превентивті механизмінің қатысушылары облыстық Полиция департаментінде өткен семинар-кеңесте өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, облыстың арнайы мекемелеріне өткен жылы 4 мыңнан астам адам орналастырылды, оның 3 595-і әкімшілік қамаққа алынғандар.

Семинар қатысушылары қоғамдық бақылау мекемелердің жұмысын жақсартуға, сондай-ақ арнайы контингенттің тәртібін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Уақытша қамауда ұстау изоляторларына және арнайы қабылдағыштарға барған кезде құқық қорғаушылар үй-жайларды ұстау жағдайына назар аударады.

– Тамақтану рационы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуге баса назар аударылады. Мәселен, кезекшіде ұсталғандар өздерін жайсыз сезінген жағдайда ұсынылатын дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс. Барлығы стандартқа сай болуы тиіс, дәрі-дәрмек мерзімі өтпеген болуы керек, – деп атап өтті Ұлттық превентивті механизмінің басшысы Марина Нистолий.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қатаң бақылау Ұлттық превентивті механизмі өкілдерінің де, полиция қызметкерлерінің де жұмысындағы басымдық екенін атап өтті.

Қанат Айтбаевтың айтуынша, полицияның басты міндеті – ұсталғандарды қинауға, құқықтарын бұзуға жол бермеу. Осы мақсатта СҚО Полиция департаменті басшылығы барлық қажетті шаралар қабылдауда. Ұлттық превентивті механизмінің қатысушыларымен бірлескен жұмыс алдағы уақытта та жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру