Жамбылдық полицейлер қапқа салынған қаруды тапты
Жамбылдық полицейлер қапқа салынған қаруды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1-20 ақпан аралығында Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Осылайша, полиция қызметкерлері Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің шаруа қожалықтарының бірінде жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 57 жастағы шопанның қоймасынан қапқа салынған қару-жарақ табылды.
Тексеру барысында қаптан заңсыз сақталған 16 калибрлі аңшылық мылтық, бір ойық қару мен оның 13 патроны алынды.
Ер адам мылтықты өзен жағасынан тапқанын айтты.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Табылған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері екі қылмыстық іс тіркеліп, 31 тіркелмеген атыс қаруы тәркіленді және 180 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды.