Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан облысында үздік жасақ бастығы анықталды

Батыс Қазақстан облысында үздік жасақ бастығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасында “Үздік жасақ бастығы” байқауы өткізілді. Аталмыш байқауға РУ-170/1, РУ-170/2 және РУ-170/3 мекемелерінің тәрбие қызметінің лауазымдық қызметі бағытында оң сипатталатын және қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ қызметкерлер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша БҚО бойынша “Үздік жасақ бастығы” атағын РУ-170/2 мекемесінің №5 жасақ бастығы Армат Меңжанов танылды.

Жеңімпаздар ҚАЖ департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, байқау жеңімпазы А. Меңжанов алдағы уақытта өтетін республикалық байқауда Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби және қолданбалы білімдерін, дағдыларын жетілдіру, құқықтық мәдениетін арттыру және кәсіби, психологиялық, моральдық және іскерлік қасиеттерін дамыту. Байқау қылмыстық-атқару жүйесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлерін жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру