ШҚО-да интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан ауыл тұрғыны ұсталды
ШҚО-да интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айының соңында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен интернет-дүкен арқылы байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысады деген күдікпен Глубокое ауданы Опытное поле ауылының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар полимерлі пакеттер табылды.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – салмағы 159,43 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екенін көрсетті.
Полицейлер 41 жастағы ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде интернет-дүкенін ашып, ол арқылы есірткі заттарын Өскемен қаласында сатқанын анықтады.
– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ШҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы Нариман Кульдиков.