Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​полицейлері 25 жыл бұрын жоғалған қаруларды тәркіледі

Қарағанды ​​полицейлері 25 жыл бұрын жоғалған қаруларды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасына Қарағанды ​​қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері атсалысты. Сағат 20.00 шамасында полицейлер 20 жастағы жас жігіт тізгіндеген көлікті тоқтатты. Аталған көлікті тексеру барысында қос ауызды аңшы мылтығынан жасалған кесілген шолақ мылтық табылып, тәркіленді.

Ұсталғанның айтуынша, ол қаруды 19 ақпанда бір гараж алаңынан тауып алған. Ол 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Заңсыз қару алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру