ШҚО тұрғыны 50-ден астам қарағайды заңсыз кескен
ШҚО тұрғыны 50-ден астам қарағайды заңсыз кескен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының басында Риддер қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ШҚО табиғатты қорғау ресурстары басқармасы мен ШҚО ӨКМ-нен бір күн бұрын Бутаков орманшылығында рейд жүргізу кезінде көлемі 73,78 текше метр «қарағай» тұқымының 52 ағашын заңсыз кесу фактісі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген залал 450 мың теңгеден астам сомаға бағаланды.
Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары табиғатқа зиян келтірді деген күдікпен Глубокое ауданының 45 жастағы тұрғынын анбұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы 2-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.