Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аймақты аралау барысында 21 ақпан күні түнгі 21:30 шамасында Жас Алаш және Алашаев көшелерінің бойында көлік құралының жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. ГАЗель көлігін дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 37 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтады.

Көлік тізгіндеуші азамат Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылдың кыркүйек айындағы шешімімен оның Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көлік құралын жүргізу құқығынан үш жылға айырылғандығы белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат «орта дәрежедегі» алкогольді масаң күйде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру