Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлері донорлық акцияға қатысты

Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлері донорлық акцияға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері «Қан тапсыр – өмірді сақта» атты акциясын ұйымдастырды.

Қазіргі заманғы қан орталығында донорлық – сау адамдар үшін мүлдем қауіпсіз процесс. Қан құю тек күйік пен жарақаттан зардап шеккендерге ғана қажет емес. Күрделі оталар, ауыр босану кезінде үлкен көлемдегі қан қажет. Ең алдымен, лейкемия және гемофилия сияқты онкологиялық аурулары бар адамдар өмір сүру үшін қажет. Химиотерапиядан кейін науқас тромбоциттер, эритроциттер мен ақуыздарды толықтыруы керек.

Мекеме басшысы Д.Әбдірахман атап өткендей, мекемеде жыл сайын осындай акция ұйымдастырылды. Бүгін де Маңғыстау облыстық қан орталығына келген қызметкерлер қан тапсыра отырып, игі іске өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру