Түркістан облысының пробация қызметінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Түркістан облысының пробация қызметінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының Сауран ауданында пробациялық бақылау қызметі ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Сауран аудандық пробация қызметі және «Семей ядролық сынақ полигоны» қоғамдық бірлестігі өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта екі тарап пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандарға психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және тағы да басқа көмек түрлерін көресетін болады.
– Жаза басып, қателік жасағандар қайта қылмыс жасамас үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Сауран аудандық пробация қызмет бөлімшесінің бастығы Ақмарал Торланова.