Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде

Алматы полицейлері есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсатты аудитория – қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен студенттері.

– Біздің бөлімше қызметкерлері оқу орындарының оқытушыларының көмегімен «Есірткіге жол жоқ! Өмір – иә»  тақырыбында дәріс сабақ өткізді. Жиналғандарға нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері туралы айтылды. Жиынның негізгі тақырыбы нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес болды. Әңгімелесу барысында әртүрлі есірткі заттарын қолдану қаншалықты зиянды екендігі туралы тақырып қозғалды. Сонымен қатар, жастарға есірткі зертханасы мен оны ұйымдастырушылардың ұсталғаны туралы бейнеролик көрсетілді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Студенттер мен оқушыларға есірткі құралдарының, психоактивті заттардың және сол тектестердің заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Қатысушылар дәріске белсенді түрде қатысты, олар қызықты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

– Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа «Есірткіге бірге қарсымыз!» және «Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз!» тақырыбында жарнамалар таратылды. Ақпараттық парақтарда Алматы қаласы ПД ЕҚКБ сенім телефонының нөмірі бар: 8-705-549-70-25, ол арқылы есірткі қылмыстары туралы жасырын түрде хабарлауға болады, – деді Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру