Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Алматы академиясында түрлі ведомстволар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында құқық қорғау органдарының түрлі ведомстволары, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Шамадан тыс күш қолдану немесе қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел оқу орнының конференц-залында өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ІІМ департаменттерінің басшылары, сондай-ақ ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында келесідей сұрақтар талқыланды:

– Қоғам қауіпсіздігі – мемлекеттің басты басымдығы;

– Дағдарыс жағдайларында қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

– Төтенше жағдай кезеңінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі полицияның қызметі;

– Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша құқық қорғау органдары қызметінің халықаралық тәжірибесі.

Сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша бірлескен кешенді іс-шараларға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Қаңтардың қайғылы оқиғаларына, жаппай тәртіпсіздіктерге, құқық бұзушыларға, полиция қызметкерлері мен өзге де құқық қорғау және арнайы құрылымдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қоғам қауіпсіздігінің әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты бірқатар басым міндеттерді, заңнамалық сипаттағы ұсынымдар мен ұсыныстарды, қаңтар оқиғаларынан кейін полиция қызметкерлерінің психологиялық және моральдық жағдайын қолдауды, құқық қорғау жүйесінің мәртебесін арттыруды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бөлігінде халық арасында профилактикалық сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізуді белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру