Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ІІО-ның есебіне 57 жасөспірім қойылды

Шымкентте ішкі істер органдарының есебіне 57 жасөспірім қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21-26 ақпан аралығында Шымкент қаласының аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бала және отбасы» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 316 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 254 және ойын-сауық мекемесінде болған 14 жасөсіпірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 10 ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша жауапқа тартылды.

Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамған сегіз ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылыққа бейім 57 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын 37 отбасы ІІО-ның есебіне қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру