Павлодарлық әйел жоқ пәтерлерді жалға берген
Жоқ пәтерлерді жалға берген павлодарлық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық жедел уәкілдер Қазақстанның қалаларында ұзақ мерзімге пәтерді «жалға берумен» айналысқан 27 жастағы павлодарлықты ұстады.
– Әйел OLX сайтында жарнама жариялаған, онда «крыша» бөлімінде тұрғын үйді жалға беру үшін қолайлы баға ұсынып, азаматтарды қызықтыру үшін интернеттен элиталық пәтерлердің фотосуреттерін пайдаланған. Хабарландыруға қоңырау шалған кезде басқа қалада іссапарда екенін айтып, картасына алдын ала төлем жасауды сұраған. Пәтерге қызыққан азаматтар алдын ала төлемді белгіленген карта нөміріне жіберген, пәтер 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін болған. Алдын ала төлем алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасқан, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Ертіс өңірінің полицейлері Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаяқтықтың 40 фактісін жасауға қатыстылығын анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қыз қамауға алынды. Оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.