Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері тұрғындарға алғыс айтты

Алматы облысының полицейлері Алғыс айту күнін мерекелеуге қатысып, көктемді қарсы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция сіздерге алғыс білдіреді…» деген сөздермен тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына қиын сәттерде көрсетілген көмектері үшін ризашылықтарын білдірді. Облыстық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров өзінің орынбасарларымен бірге қаңтар айындағы оқиғалар кезінде құқық қорғау органдарына айтарлықтай көмек көрсеткен талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесті.

«Біздің халқымыз мейірімді және қайырымды. Бізде «аузын ашса, жүрегі көрінетін» кең пейілді адамдар көп. Жақсылықты ешқашан ұмытпаймыз. Алғыс айту күнінде біз полиция қызметкерлеріне қиын уақытта қол ұшын созған жандарға алғыс білдіреміз», – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Полицейлер 15 қала тұрғынына сыйлық, арнайы гүл шоқтары мен «Рақмет» деген жазуы бар торттар табыс етті.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген талдықорғандықтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп, стратегиялық объектілерді қорғайтын полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге су, азық-түлік және тамақ өнімдерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру