Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған екеуді ұстады
Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне 53 жастағы ауыл тұрғыны үйіндегі мал қорасынан бір бас жылқысы ұрланғандығы туралы шағым түсірді. Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде залал келтірілген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ зат алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.