Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сібір елігін атқан браконьер ұсталды

ШҚО-да сібір елігін атқан браконьер ұсталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында Жарма ауданының полиция қызметкерлері Омбы – Майқапшағай тас жолының бойында заңсыз аңға шығып, сібір елігін атқан 55 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Ұсталған кезде күдіктінің әріптесіне тиесілі Volkswagen көлігі, сондай-ақ күдікті азаматтың атына тіркелген 16х2 калибрлі ИЖ-58 мылтығы, 7.62 мм калибрлі Вепрь-Супер мылтығы, 7.62 мм калибрлі екі гильза, пышақ және бір елік ұшасы әркіленді. Келтірілген залал 765 мың теңгеден астам сомаға бағаланды.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, оған қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру