Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өтті
Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметі «Шанс» қоғамдық қорымен бірге есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – шахмат ойынын популизациялау, есепте тұрған азаматтардың бос уақытын ұйымдастыру. Өткізілген сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар есепте тұрған сотталғандардың физикалық, эмоционалды-психологиялық жай-күйіне оң әсер етеді.