Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қару» ЖАІШ: Шығыс Қазақстанда 190-нан астам заң бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 190-нан астам заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жағдайды тұрақтандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 3 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

ЖАІШ атыс қауры мен оның патрондарын заңсыз айналымнан тәркілеуге, ұрланған және жоғалған қаруды іздеуге, азаматтық және қызметтік қару иелерінің олардың қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған.

Меншік иелерінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қару айналымы саласында 193 заң бұзушылық анықталды. Қаруды сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерін (ҚР ӘҚБтК 484-бабы) бұзғаны үшін 96 меншік иесі, қаруды тіркеу немесе қайта тіркеу ережелерін (ҚР ӘҚБтК 486-бабы) бұзғаны үшін 49 меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 482-бабы бойынша қаруды заңсыз иеленіп алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені үшін 48 адам жауапкершілікке тартылып, 21 адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заңсыз айналымнан 54 бірлік қару, оның ішінде 9 бұрандалы, 25 тегіс саңылаулы, бір бірліктен травматикалық және газ, сондай-ақ бір граната және 230 бұрандалы қаруға оқтар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру