Талдықорғанда сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстары жүргізілуде
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстары атқарылуда, – деп хабарлайды Polisiа.kz.
Талдықорған қаласының тергеу изоляторында шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілімен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында сотталғандар назарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруға, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн ұсынуға жәрдем көрсету туралы толықтай түсінік берілді.
– Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – жазаны өтеуші сотталғандардың бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қоғамға тез бейімделуі және олардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, – атап өтті мекеме бастығының орынбасары Есет Асылбеков.