Шахтинск полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарып берді
Шахтинск полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 35 жастағы ер адам жүгінген. Ол белгісіз біреудің үйдің кіреберісінде қалған көлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 25 жастағы азаматтың айдап кеткен көлігін ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Көлік жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.