Маңғыстау тергеу изоляторында 8 наурыз күні атап өтілді
Маңғыстау тергеу изоляторында 8 наурыз күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті. Дәл осы сәтте нәзік жандар ер азаматтардың ерекше назарында болды. Мерекеге арнайы шақырылған Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері домбырада қазақ күйлері мен эстрада әндерін орындап, айналаны көктемгі көңіл-күйге бөледі. Лирикалық шығармалардың мәтіндері әйелдің қоғамдағы рөліне, анасына деген сүйіспеншілік пен әйел адамды құрметтеудің маңыздылығына қатысты. Сонымен қатар, осы мерекеге арнайы өлеңдер жазып, әйел қауымына арнаған сотталған ер адамдар көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.
– Біздің ұжымда 40-қа жуық әйел бар. Негізгі көпшілігінде бұл кадр, есеп бөлімінің, асхананың, медицина бөлімінің қызметкерлері. Біз оларды жақсы көреміз және аса құрметтейміз. Біздің жабық мекемеде әйелдер күрделі контингентпен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ олар өз кәсібінің күш-жігерлі, мықты мамандары. Олардың әрқайсысының тәжірибесі мол. Біз оларға сыйлаған гүлдер мен сый-сыяпаттымыз көктемгі мерекелік көңіл-күйлерін одан сайын көтереді деп үміттенеміз, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.
Айта кетейік, бүгінгі шарада 12 қызметкер әйел сіңірген еңбегі үшін грамоталармен марапатталды.