Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда 112 сотталған қоғамдық жұмысқа тартылды

Нұр-Сұлтанда 112 сотталған қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қылмыстық кодексінің 40-бабына (Жаза түрлері) сәйкес қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаның бір түрі – қоғамдық жұмыстарға тарту.

Қазіргі уақытта жазаның бұл түріне тарту көбірек қолданылуда. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның басқа да түрлері сияқты бұл үкімнің орындалуын да пробация қызметі жүзеге асырады. Биылғы жылдың екі айы ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық пробация қызметінің есебінде 919 сотталған тұр, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға тартылған 112 сотталған, есеп беру кезеңінің соңында 105 сотталған бар.

Сондай ақ, ауырлығы орташа қылмыс жасаған бір, онша ауыр емес қылмыс жасаған 16, қылмыстық теріс қылық жасаған 95 сотталған бар.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сарыарқа аудандық пробация қызметтері есебінен жыл басынан 112 сотталған адам өтті. Оның жетеуі белгіленген сағаттарын атқарса, қалған 105 адам қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру