Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны ұлына 1 млн теңге қарыз

Алимент төлемей жүрген Павлодар тұрғыны ұлына 1 млн теңге қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полициясына 30 жастағы қала тұрғыны үш жылдан бері бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент төлемейтіні туралы арызданған. Қарыз сомасы шамамен 1 млн теңгені құрады. Полиция баланың әкесін анықтады, ер адам жұмыс істемегенін және алимент төлей алмайтынын түсіндірді. Жақында жұмыс тауып, қарызын төлеуге міндеттелді.

9 наурызда Успен ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов сот орындаушыларымен және аудан прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп алимент төлемейтін борышкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізді.

– Успен ауданының аумағында алимент төлемей жүрген 8 адам анықталды. Біз әрқайсысымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, барлығы алимент бойынша берешекті өтеуге міндеттенді. Біз алимент төлемейтіндерді қарыздарын өтеуге және балаларды күтіп-бағу жөніндегі ата-ана міндеттерін уақтылы орындауға шақырамыз. Әрбір ата-ана кәмелетке толмағандарды күтіп-бағу, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелгенін естен шығармауы керек, – деді Арман Ашренов.

Полицейлердің ақпараты бойынша, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында алимент төлемей жүрген 31 адамның мекенжайы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру