Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық жедел уәкілдер іздеуде жүрген 3 қылмыскерді ұстады

Павлодарлық жедел уәкілдер іздеуде жүрген үш қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері 3 қылмыскерді анықтады.

– 9 наурызда Павлодар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ресей Федерациясы Омбы қаласының полициясы іздестіріп жатқан облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, 2019 жылы ер адам полиция қызметкеріне пара берді деп күдіктелген. Осы жылдар бойы ол Қазақстанда жасырынып жүрген. Бұдан бөлек, 2021 жылдың қазан айынан бастап Павлодар қаласының №2 сотымен алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 28 жастағы павлодарлық анықталып, ұсталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Сонымен қатар, Самара облысы Тольятти қаласының аумағында Павлодар облысының полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 39 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру