Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да төтенше жағдай мамандарымен кездесу өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да төтенше жағдай мамандарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде өрттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кездесу өтті. Шараға Ақтау қаласының Төтенше жағдай басқармасының өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты.
ТЖБ өкілі Елдос Халелов қызметкерлерге ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау басты міндет екенін айтып өтті.
– Өрт – адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін тілсіз жау. Сондықтан әр адамның өрттің алдын алу қағидаларын білгені абзал, – деді ТЖБ өкілі.
Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі – бұл жануды, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруді, сондай-ақ мүлікке зақым келтіруді болдырмау мақсатында кез келген ұйымда қабылданатын шаралар кешені.
– Біз мекемеде осындай тақырыпта үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Арнайы жоспар бойынша төтенше жағдай мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, апаттың алдын алу бағытында сұхбаттар жүргіземіз, – дейді түзеу мекемесінің режим тобының аға жедел уәкілі Е.Қожамқұлов.