Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мыңнан астам қараусыз мал айыппұл тұрағына қамалды

ШҚО-да мыңнан астам қараусыз мал айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 1-10 наурыз аралығында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрлығы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу басталғаннан бері 21 қылмыс ашылды, оның ішінде бесеуі өткен жылдар қатарынан. Сондай-ақ, 12 адам және мал ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды.

Мысалы, Зайсан ауданында өткен жылдың қараша айында жайылымнан 3 млн теңгеден астам сомаға 10 бас мал ұрлаған 38 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мал және ет өнімдерін тасымалдаған 1,5 мыңнан астам автокөлік, 1 137 шаруа қожалығы және мал және ет өнімдерін сататын 500-ден астам базарлар, дүкендер, павильондар тексерілді.

Тасымалданатын малды осындай тексеру барысында Алматы облысының 47 жастағы тұрғынының жалған құжаттарды пайдалану фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 336 ауыл шаруашылығы жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың кейбіреулері бірнеше рет құқық бұзушылық жасаған. Мысалы, осы жылдың өзінде ғана 6 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ұлан ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталды.Сондай-ақ, айыппұл тұрағына 1000-нан астам қараусыз мал қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру