Маңғыстаудағы колонияда «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды
Маңғыстаудағы колонияда «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы Р. жаза мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеден босап шықты.
Осыған орай мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды.
– Мекеменің әкімшілігі сотталған азаматты түзеу мақсатында оның қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық талаптарына негізделген тәуелсіз өмірге қайта оралуына ықпалын тигізеді, – дейді жасақ бастығы Е.Сарсенбаев.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері сотталғанға профилактикалық сұхбаттар жүргізді, оның құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сотталған Атырау облысында тұратындықтан мекеменің жасақ басшылары оны теміржол бекетіне шығарып салды. Жолына тамақпен қамтамасыз етіліп, пойызға отырғызып жіберді. Қызметкерлер сәт-сапар тілеп, енді жаңа өмірдің жаңа парақшасынан бастаудың маңыздылығын айтты. Босап шыққан Р. мекеме қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.