Павлодар облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдік ұсталды
Павлодар облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде еңбек көші-қоны жаһандық сипатқа ие өзекті тақырыптардың бірі екенін атап өтті. Өйткені жыл сайын мыңдаған отандастарымыз еңбек мигранттарына айналады. Бірақ барлық азаматтар Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау 10-17 наурыз аралығында ел аумағында «Көші-қон» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
– Тек бірінші күні полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 111 азаматты анықтады, оның ішінде 60 ТМД шетелдік азаматы және 51 Қазақстан азаматы бар. Сот 12 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылдады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың сегіз фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстанның 43 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, 10 наурызда Ақтоғай ауданының қызметкерлері 2020 жылдың күзінде белгіленген өткізу пункттерін айналып өтіп, Түркістан облысындағы учаскелердің бірінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстанның 43 жастағы азаматын ұстады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін шетелдікке қатысты тексеру жүргізілуде.
Екібастұз қаласында өндірістік базалардың бірінің аумағында еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды. ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке алынды.