Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мигрант» ЖПІШ: ақмолалық полицейлер бір күнде 78 әкімшілік хаттама толтырды

Ақмола облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жол беретін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 10-15 наурыз аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні ақмолалық полицейлер 78 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 47 шетелдік, посткеңестік кеңістік елдерінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Атбасар ауданында заңсыз тасымалдаумен байланысты бір факт анықталды.

Құқық бұзушы шетелдіктерге тұрғын үй бергені және ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша келген шетелдіктер туралы ІІО-ны уақтылы хабардар етпегені үшін 27 қабылдаушы адам жазаланды.

Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жұмыс берушілерге қатысты 4 әкімшілік хаттама жасалды. 11 шетелдікке Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру