Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудың тергеу изоляторында телефондарды заңсыз алып өтудің жолы кесілді

Маңғыстаудың тергеу изоляторында телефондарды заңсыз алып өтудің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы ГМ-172/10 мекемесінің бақылаушылары вафлиден тыйым салынған заттарды тауып алды.

Тәтті өнімнің ішінде екі телефон жасырылған. Олар: Samsung және Nokia сіріңке қорабының өлшеміндей телефоны. Олардың батареяларды қуатталып, SIM-карталары да салынған.

– Бұл биылғы жылы тергеу изоляторында тіркелген бесінші факт. Өткен бір жағдайда есірткі болған еді. Оларды өткізуге тырысқан адам қылмыстық жазаға тартылды. Басқа жағдайларда телефондарды тапқан едік. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды, – деді ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары Азат Орынбасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру