Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері көрісу күнін атап өтті
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері көрісу күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Іле аудандық пробация қызметкерлері Көрісу мерекесін қайырымдылықпен атап өтті.
ҚАЖ қызметкерлері мереке қарсаныңда пробация есебінде тұрған жағдайы төмен сотталғандардың мекенжайларын аралап, көрісіп, ең қажетті азық-түлік жиналған себеттерін ұсынды.
– Көрісу күніне орай ұйымдастырылған бұл шара – ҚАЖ қызметкерлерінің қайырымдылық шарасы. Бұл әлеуметтік түрғыдан жағдайы төмен және аз қамтылған көпбалалы сотталғандардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.