Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 5 әйелге көмек көрсетілді

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен бес әйелге көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторларының ең негізгі қызметі – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анық-қанығына жетіп, тиісті шараларды қолдану.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқарады.

Мәселен, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, жолдасы ішімдік ішіп жәбір көрсеткен.

Аталған жайт бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Турехан тиісті мекенжай бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаның үйіне барып, құқықтық көмек көрсетті. Сондай-ақ, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Айта кететін ақпарат, өткен тәулікте тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 5 тұрғын полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру