Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы: Маңғыстауда 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстауда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының алғашқы күнінде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Маңғыстау облысы аумағында 14 наурыздан бастап “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс шараның алғашқы күнінде облыс бойынша барлығы 465 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Тәртіп сақшылары 145 үй-жайды, 76 жалға берілетін пәтерді аралап, тексеру жүргізді. Іс-шара аясында профилактикалық есепке алынған 327 тұрғын тексерілді. Ұсақ бұзақылық жасаған 65 адам анықталса, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 22 дерегі тіркелді. Тыныштықты бұзған азаматтарға қатысты 40 әкімшілік хаттама толтырылып, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 33 дерегі анықталды.

Жол сақшыларымен көлікті ішкілікті күйде басқарған 2 жүргізуші анықталып, көлікті қарсы бағытқа шығып басқарған бір жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Көлік басқару кезінде қарсы бағытқа шығу – жол-көлік оқиғаларын тудыратын бірден-бір құқыққа қайшы әрекеттердің бірі. Жол қозғалысы ережелерін сақтамаған 99 жаяу жүргіншіге ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 22 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбегендігі үшін әкімшілік кодекстің 600-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытқа күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Басты мақсат – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлылық тудыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру