Балқашта ер адам дүкенге келген клиенттің сөмкесін қолды еткен
Балқашта ер адам дүкенге келген клиенттің сөмкесін қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы әйелдің айтуынша, дүкендердің бірінде жанында тұрған сөмкесін белгісіз біреу ұрлап кеткен.
Сөмкенің ішінде ұялы телефон, құжаттар, ақша болған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
10 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.