Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 357 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында 357 шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурыздан бастап Жамбыл облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бес күн ішінде 357 шетелдік анықталды.

Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны, заңда белгіленген мерзімде кетуден жалтарғаны үшін 249 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР-да еңбек қызметін жұмысқа орналастыруға рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін шетелдіктерге 52 әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Қоғамдық орындарда тиісу дерегімен (қайыршылық, мазаны алу) 4 мигрант, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 29 жұмыс беруші, ал шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 162 азаматы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру