Түркістан облысының полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді
Түркістан облысының полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыстық Көлік инспекциясы мен Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесіп «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.
Акция барысында мамандар көлік жүргізушілеріне ҚР ЖҚЕ және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, құқықтық көмек көрсетіп, келушілердің жол қозғалысы саласындағы сұрақтарына жауап берді.
– Биылғы жылға бұл бірінші рет бірлесіп өткізіліп жатқан акция. Мұнда біз жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Осылайша бір сағат ішінде акцияға алты жүргізуші келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Осындай іс-шараларды өткізу нәтижесінде, ағымдағы жылдың екі айында жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің саны айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және өз жемісін береді деген сенімдеміз, – деп атап өтті Ғалымжан Есімов.
Қабылдауда болған Өзбекстан азаматы Андрей Назаров акцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
– Маған акция ұнады. Келіңіздер, барлық мәселелер бойынша жауап береді екен. Сауалдарыңызға сыпайы және түсінікті түрде құқықтық кеңес аласыз. Өзімнің сұрағыма заң аясында толық жауап алдым, – деді А. Назаров.
Алдағы уақытта да «Жолдағы қабылдау» акциясын Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде, соның ішінде көлік инспекциясы және жолаушылар тасымалы басқармасының өкілдерімен бірлесіп өткізе бермек.