Елордада ҚАЖ қызметкерлері Президенттің Жолдауымен танысты
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы Президенттің Жолдауымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына жолдауының мақсаттары мен міндеттерін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына жеткізу үшін кәсіби қызметтік даярлық сабағы өткізілді.
Сабақта Президент Жолдауының әрбір жолдары жан-жақты зерделеніп, жеке құрамға жеткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – Президенттің жолдауында айтылған саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағыттарын тереңірек ұғыну.