Петропавлда мәжбүрлі жұмыстарды орындаудан жалтарған есептегі сотталған темір торға жіберілді
Петропавлда мәжбүрлі жұмыстарды орындаудан жалтарған есептегі сотталған темір торға жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш жыл алты ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған К. есімді азамат өткен жылдың 24 желтоқсанында есепке тіркелген. Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу туралы шарттармен танысты және сотталған соттың міндеттерін орындамаған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатынынан хабардар болды.
Сот үкімін елемей сотталған адам тұрақты негізде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұза бастады, атап айтқанда 100 сағат мерзімге мәжбүрлі жұмыстарды атқарудан жалтарды.
Осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері шектеуді ауыстыру туралы мәселені шешу үшін Петропавл қалалық сотына бас бостандығынан айыруды ұсынуға бастамашылық жасады. Ағымдағы жылдың ақпан айында сот отырысы өтті, онда пробация қызметі бөлімінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды