Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

СҚО-да сот сотталғанның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша аудандық соты Е.есімді сотталғанның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының 2021 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен сотталған Е.-нің өтелмеген мерзімі – 1 жыл 28 күн. Сот отырысында сотталған Е.-нің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші мақұлданды. Оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын бұзбағаны, оған сот жүктеген барлық міндеттерді орындағаны, сондай-ақ жазаның белгіленген бөлігін іс жүзінде өтегені, азаматтық талаптың бір бөлігін және сот шығындарын төлегені түсіндірілді.

Осы жылдың басынан бастап ҚІБ бойынша төрт адам босатылды, сондай-ақ екі сотталғанға қатысты сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолданды.

Осылайша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталғандарды заңға бағынатын өмір салтына ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру