Ақтөбеде пробация қызметімен 200-ден астам есептегі сотталған тексерілді
Ақтөбеде пробация қызметімен 200-ден астам есептегі сотталған тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14-23 наурыз айы аралығында республика аумағында жүргізілген “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметкерлері 200-ден астам есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді.
Іс-шара барысында аталған пробация есебінде тұрған 14-тен астам сотталғанның жаза өтеу шарттарын бұзғаны анықталып, жаза өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін 8 сотталғанның бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жөніндегі жадығаты сотқа жолданды.
Күшейтілген кезеңде сондай-ақ Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы және психолог маманы есепте тұрған 7 сотталғанды жұмыс орны бойынша тексерді. Оның ішінде сот үкімімен 100 сағаттық мәжбүрле еңбек тағайындалып, қала көшелерін тазалауға тартылған 2 сотталған жұмыс орнында тексерілді.
Айта кету керек, “Пробация” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жасалған тексеру жұмыстары пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тарапынан орын алуы мүмкін жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілді.