Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ұлттық дәстүрлерді насихаттады

Ақмолалық полицейлер ұлттық дәстүрлерді насихаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы жанындағы Оқыту-әдістемелік орталығымен бірлескен іс-шара өтті. Оның мақсаты – салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге насихаттау.

Іс-шараны департамент бастығының орынбасары Б.Ералин ашты. Өз сөзінде ол Наурыз мейрамының маңызы мен орнын ерекше атап өтті. Іс-шараның мақсатына тоқталған сөз иесі мейрамның ұрпақтар байланысына қосар үлесін де тыс қалдырмады.

Шараға полиция қызметкерлері белсене қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық киім мен тағамдар туралы тапсырмалар орындап қана қоймай, өз білімдерімен де бөлісті. Кинофильмнен үзінді көрсетіліп, ұмытылып бара жатқан салт пен ғұрыптар талқыланды. Қатысушылар көрісу, төс қағыстыру сияқты салттардан көрініс көрсетті. Сондай-ақ, тілдің ұлттың ажырамас бір бөлігі екендігі айрықша айтылып өтті.

– Іс-шараның танымдық мәні зор. Ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан мәдениетіміз ұмытылмауы тиіс. Осындай шаралар арқылы әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, қазақи болмысымызды болашақ ұрпаққа жеткіземіз, – деді орталық оқытушысы Динар Жанделдінова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру