Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында боранда қалып қойған балықшылар құтқарылды

Павлодар облысында боранда қалып қойған балықшылар құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында екі балықшы қар тұзағына түсіп қалды. Бұл туралы @tipavlo.dar парақшасында Ақтоғай ауданының Қараоба аулында тұратын Куликовтар отбасының алғыс сөздерімен жарияланды.

Куликовтар отбасы Ақтоғай ауданының Қараоба ауылында жұмыс істейтін учаскелік инспектордың көмекшісі Исабек Кенжебаевқа іздестіру жұмыстарын білекті жоспарлағаны үшін алғыс айтады. Хат жазғандардың хабарлауынша, 23 наурыз күні екі ауыл тұрғыны балық аулауға шыққан. Сағат 21.30-да олардың біреуі азық-түлік алуға барғанда жол ортасында көлігі сынып қалған.

Сол кезде досына кері қайтуға бел буды. Бақытқа орай, ол телефоны сөнгеніне дейін әкесіне жағдайы туралы айтып, көмек сұрауға үлгерді. Әкесі төтенше жағдай қызметіне және де учаскелік полиция инспекторы Исабек Кенжебаевқа хабарлады. Полиция қызметкері тез арада Қараоба ауыл округі әкімі Асқар Хамитовқа жағдайды баяндады.

Балықшыларды жедел түрде құтқаруға шешім қабылданды. Ауыл тұрғындары Ризабек Кетиков пен Бауыржан Жалмағанбетов те бірге іздеуге шықты. Сағат 02.00-де ауылдан 15 шақырым қашықтықта балықшыларды байқады. Олар жылыну үшін от жаққан екен. Полиция қызметкері көмектесушілермен бірге балықшыларды қалдырған машинаға дейін жеткізді, оны жөндеп, ауылға дейін жетуге жәрдемдесті.

Соңында төтенше жағдай қызметкерлері де келді.

– Ата-ана, отбасы атынан ізденіске ат салысқандардың барлығына көп рақмет. Сіздерге ризамын. Алғысымызды әлеуметтік парақшаға жібердік, – деді ауыл тұрғыны.

Учаскелік инспектордың көмекшісі Исабек Кенжебаев Қараоба аулының әкімшілік учаскесін қызмет көрсетеді. Ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үш баланың әкесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру