Маңғыстауда пробация қызметкерлері есепте тұрған әйелдің отбасына көмектесті
Маңғыстауда пробация қызметкерлері есепте тұрған әйелдің отбасына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған әйелдің отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Көмекке мұқтаж отбасының бірі Айсұлу (аты өзгертілген) балаларымен бірге тұрады. Пробация қызметкерлері көмектесу ниетпен тұрмысына аса қажет техника алып берді.
– Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу – әрбір адамның парызы. Біздің есепте тұрған әр адаммен сұхбат жүргізіп қоймай, олардық тұрмыстық жағдайына да мән береміз. Мұқтаждық болса, көмек көрсетуге дайынбыз, – дейді пробация қызметкерлері.