Алматыда жолаушылармен бірге автобусқа кірген жылқының иесі айыппұл арқалады
Алматыда жолаушылармен бірге автобусқа кірген жылқының иесі айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске салайық, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.