Елордалық алаяқ Қостанай облысының тұрғынын алдап кетті
Елордалық алаяқ Қостанай облысының тұрғынын алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының тұрғыны интернет желісіндегі жосықсыз сатушыларға жіберілген ақшаны қайтаруға көмектескен ақмолалық полицейлерге ризашылығын білдірді.
Әйелдің айтуынша, ол сыйлық ретінде ыдыс-аяқ сатып алуды жоспарлап, Ақмола облысының Есіл қаласында орналасқан интернет-дүкеннен қолайлы тауар тапқан.
12 наурызда сатып алушы сатушымен тауарды жіберу шарттарын және алған күнін талқылап, оған 8 700 теңге сомасында төлемді аударды. 12 күн өткен соң, жеткізілуін күтпей, әйел Есіл ауданының ПБ ведомстволық Instagram парақшасына хабарласуды шешті.
Сатып алушының айтуынша, оған 5-6 күн ішінде тауар жеткізуге уәде етілген, бірақ ақша алғаннан кейін сатушы оның қоңыраулары мен хабарламаларын елемей, байланысын тоқтатты. Есіл АПБ полицейі Ануар Сеитов жедел түрде жосықсыз сатушыны анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Сол күні әйелге оның ақшасы қайтарылды. Кәсіпкермен профилактикалық әңгіме өткізілді. Ер адам объективті себептер бойынша тапсырысты уақытында орындағаны жайлы түсіндірді.