Петропавлда сотталғандар флюорграфиялық тексерістен өтті
Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар флюорграфиялық тексерістен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 наурызда СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінің «Сенім – Солтүстік» қоғамдық бірлестігімен жасалған меморандум шеңберінде жылжымалы флюрография ұйымдастырылды.
Онда зерттеуге есепте тұрған сотталғандар, сондай-ақ Петропавл қалалық пробация қызметкерлері қатысты. Барлығы 42 адам флюорграфиялық тексерістен өтті.
– Туберкулезден өзін-өзі емдеуге болады ма, туберкулездің алдын алу үшін қандай дәрі-дәрмектер қабылдау керектігі туралы мәлімет алдым. Осыған тағы да басқа сұрақтарға жауап алдым, – деп бөлісті сотталған К.