Көліктен мемлекеттік нөмір ұрлаған қызылордалық қолға түсті
Көліктен мемлекеттік нөмір ұрлаған қызылордалық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 наурызда сағат 12:00 шамасында қала аумағындағы көпқабатты үйдің ауласында тұрған Subaru Legacy көлігінің артқы мемлекеттік нөмерін ұрлап кеткені жөнінде 102 арнасына хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізін алысқа ұзатпады. Полиция қызметкерлерімен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Мән-жайы анықталуда.