Түркістан облысында тұрғыннан заңсыз сақталған мылтық тәркіленді
Түркістан облысында тұрғыннан заңсыз сақталған мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде қару-жарақ заттарын заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Созақ ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады.
Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін ойық ұңғылы Мосина мылтығын тәркіледі. Тәртіп сақшылары тұрғынды оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Созақ АПБ-ға жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Күдікті ойық ұңғылы мылтықты мал жайылымы жерінен тауып алып, осы уақытқа дейін сақтап жүрген. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.