ҚАЖ қызметкерлері Жалпыға ортақ декларациялаудың жаңа тарауымен танысты
Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлері Жалпыға бірдей декларациялаудың жаңа тарауымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты тобы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында ҚР ҚМ МКД өкілдері қызметкерлердің декларацияны жаңа нысанда тапсыруы туралы толық түсінік берді. Жалпыға бірдей декларациялау Салық кодексінің 71-тарауының жаңа таныстырылымы өткізілді.
– Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін декларациялау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты шараларының бірі, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.