Павлодар облысында қараусыз малдың қатысуымен 7 ЖКО тіркелді
Павлодар облысында қараусыз малдың қатысуымен 7 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының Полиция департаментінде ZOOM режимінде брифинг өтті. Брифингтің тақырыбы – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын қараусыз жүрген мал мәселесі болды.
Павлодар облысының аумағында қараусыз малдың қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Жылдың басынан бері рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу барысында облыс полицейлері иесіз жайылып жүрген малдың 49 фактісін анықтады, барлық мал иелері ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, тасымалдау ережелерін бұза отырып және ілеспе құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың 33 фактісі анықталды.
– Облыс аумағында барлығы 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді, оларға жыл басынан бері 5000-ға жуық мал басы орналастырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Алпысбай Абылайхан.